Өзін-өзі тану пәні Жақсылық жасай білейік
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Сагындыкова Инкар Канатовна
|
Мектеп: «№ 18ЖББОМ» КММ Мерзiм қаңтар
Тақырып: Жақсылық жасай білейік Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер: сыйластық, бақыт, мейірімділік, сүйіспеншілік, талаптану
Мұғалiм: Сағындық Іңкәр Қанатқызы Сынып- 4 Оқушылар саны - 23
Сабақ мақсаты:
Оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-біріне жақсылық жасай білуге және қоршаған ортаға жақсылық жасай білуге, ой-өрісі дамыту.
Міндеттері:
1. Адам қарым-қатынасындағы жақсылық ұғымы туралы түсінік беру. 2.Оқушылардың арасында жақсылық пен жамандық сезімдерін дамытуға ықпа ету
3. Оқушыларды сыйластыққа, әдептілікке, шыншылдыққа, адалдыққа, жақсылық жасай білуге тәрбиелеу
Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңi.
Оқушылармен амандасып, «Өзін- өзі тану» сабағының ережесін «5-Т» қайталап, сабаққа қатысқандары үшін әр балаға 20 ұпайдан беремін.
Оқушылардың оқу құралдарын «5 затты» тексеріп, ұпайларын түгендейміз.
Сәлемдесу
Үлкенге де «Сіз»
Кішіге де «Сіз»
Бар адамға құрметпен,
Бас иеміз біз.
2. Тыныштық сәті Нұрға бөлену
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет.
Шаттық шеңбері
-Балалар, бәріміз шаттық шеңберіне жиналайық. Енді бір-бірімізге бүгінгі күніміздің тамаша өтуіне арнап жақсы тілектер айтайық.
Өзіңді тану
Жақсы болу – өзіңнен,
Жаман болу- өзіңнен.
Өзіңді өзің ая да,
Өзің үйрен өзіңнен.
Жақсылық көрсең біреуден,
«Мен қандаймын?» деп ойла.
Өзіңді өзің қолыңа ал,
Өзіңсің – ақыл айнасы.
Тиеді саған мәні бар
«Өзіңді тану» пайдасы.
3. Үй тапсырмасын тексеру
Жақсылық пен жамандық (ертегі)
1.Неліктен адам жақсылықтың айтқандарын орындады деп ойлайсың?
2. «Жамандыққа ерсең жаман боласың, жақсылыққа ерсең жақсы боласың» деген ой туралы қандай пікір айта аласыңдар?
Сабақ барысын талдау:
4. Дәйексөз.
-Енді, балалар, бүгінгі тақырыбымызға сай мына дәйексөзді оқып, дәптерімізге жазып алайық.
«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын»
Дәйексөздің мағынасын ашу.
Хормен қайталау.
Ұл балалар қайталайды, қыздар қайталайды, сосын бәрі түгел хормен айтады.
5. «Ертегілерді өз ойларыңмен жалғастырып көр»
«Қарлығаш пен дәуіт» Ітоп
Бір қарлығаш ұя салып, балапандарын асырап жүреді. Бір күні жауыз жылан балапандарды жегісі келіп, ұя салынған ағашқа өрмелеп шыға бастайды. Қарлығаш жыланды көріп, қатт қорқып, қорғап қалатын арашашы іздейді. ...
«Аю мен тышқан» ІІ топ
Бір тышқан аңдаусызда аюдың апанына тап болып қалады. Одан адасып жүріп, аюдың құлағына кіріп кетеді.
Аю шошып оянып, құлағын басып қояды:ъ
-Менің құлағым-сенің інің деп пе едің? – деп ақырады. Өзіңді жақсылап сабайын ба?
-Сабамашы. Мен де бір керегіңе жарармын.
-«Бармақтай болып, не керегіме жарармын дейсің»,-деп күледі аю. Дегенмен, босатып жібереді.
6. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Сынып 2 топқа бөлінеді
1топ: «Жақсылық жасай білейік»
Мақал-мәтелдер (жақсылық пен жамандық туралы)
2 топ: (өзіңнің жасаған жақсылығыңды есіңе түсіріп көр) суретпен бейнелеуге тырыс
7. Топпен ән айту.
Ризашылық әні.
(сөзі мен әнін жазған Луиза Хей)
Ризамыз бүгінге,
Ризамыз бүгінге!
Ризамыз бүгінге,
Ризамыз қазірге!
Ризамын3, бүгінге!
Ризамын3, қазірге.
8. Үй тапсырмасы.
16 - сабақ тапсырманы орындау
17- сабақ «Мен талапты баламын» өлеңін оқып, талдау.
9. Соңғы тыныштық сәтi.
Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.
Мұғалім жәй дауыспен:
- Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 47.5 Kb |
Количество скачиваний: | 25 |