"Алтын куз" утренник
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Жубаниязова Кулаш Сарсеновна
|
Ертеңгілік тақырыбы: «Алтын күз»
Жүргізуші:
Армысыздар құрметті қонақтар, ата – аналар, асыға күткен күз мерекесі де келіп жетті, баршаңызды алтын күз мерекесімен құттықтаймыз! Құттықтай отырып бүгінгі біздің кіші топтың «Алтын күз» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Жүргізуші: Жайдары күз,алтын күз,
Аяулы күз, алтын күз.
Дәнге толып ең далам,
Дариядай шалқыған.
Төңірек толы сары алтын
Күз келді туған жеріме
Шуағы нұрлы жайнаған
Алтын күз әсем айналам
Мерекесі халықтың
Алтын күзді бастайық,
Алтын күзге арналған
Ертеңгілігімізді бастайық!
Ортамызға балаларды шақырып қарсы алайық!
(балалар орындықтардың алдына келіп тұрады)
Хормен
Үлкенге де сіз, кішіге де сіз,
Құрметпенен сіздерге, бас иеміз біз!
1 бала:
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін
Мерекелі осы күн!
Шеңберге тұрып хормен:
Қуанамын мен де, қуанасың сен де,
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге!
Мұғалімнің сөзі:
Тоңазып атырап,
Көп жеміс піседі.
Сарғайып жапырақ,
Судырап түседі.
Үстінеде егінжай,
Салқын жел соғады.
Гүл,жапырақ шөптер де,
Қуарып солады.
Айтыңдаршы,балалар
Бұл қай кезде болады?
Балалардың жауабы.
Қазір біздің балалар «Күзгі жапырақтар» биін билеп береді.
(Аналарына жасаған жапырақтарын беріп, орындарына отырады)
Ғажайып сәт: Әуенмен залға күз келеді.
Күз.
Сәлеметсіңдер ме балалар! сәлеметсіздер ме қадірлі қонақтар! Мерекелерің құтты болсын!
Жүргізуші:
Балалар,біздің мерекеге күз келіпті, қане барлығымыз тұрып амандасайық.
Балалар орындарынан тұрып амандасады.
Күз ханшасы:
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып дымқыл тұман жерді басқан
Білмеймін тонғаныма, тойғаныма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан – деп Абай атамыз жырлағандай бүгін сендердің мерекелеріңді бірге қарсы алуға менде келдім. Баршаңызды алтын күз мересімен құттықтаймын! Күз бақыт, береке әкелсін!
Мұғалімнің сөзі:
- Айтқаныңыз келсін, күз ханшасы. Сіз бізге күз дегеніміз не? Неге «Алтын күз» дейді деген сұрақтарға жауап беріңізші?
Күз ханшасы:
-Күз дегеніміз біріншіден байлық, молшылық қап-қап астық, картоп, жүгері, өрік, алма. Осының бәрі күзде піседі. Әне қараңдаршы! Дала да, егін де, тоғай да сап-сары. Сондықтан халық күзді «Алтын күз» дейді.
Енді мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр. «Кім жылдам?»
Ойын шарты: екі топқа бөлініп шашылған көкеністерді жинауларың керек.
Бір, екі, үш, ал қанеки ұш!
Мұғалімнің сөзі:
Тобымыздың сәнқойлары «Күздік киім» үлгісін көрсетеді.
Мұғалімнің сөзі:
- Қазір біздің балалар жемістер мен көкөністердің аттарын атап, түстерін, пішіндерін айтып, сөз тіркестерін айтады.
Алма – жеміс, домалақ, түсі қызыл, дәмі тәтті.
Қияр – көкөніс, пішіні сопақша, түсі жасыл. Т.с.с.
Мұғалімнің сөзі:
Сонымен күзде қандай өзгерістер болатынын балалар айтып берсін:
Күн суытады Жапырақтар сарғайып жерге түседі Жеміс-жидектер піседі Құстар жылы жаққа ұшып кетеді Жаңбыр жауады Егін жиналады Үйлерін ақтайды,сырлайдыМұғалімнің сөзі:
Қазір біздің балалар алтын күз туралы тақпақтарын айтып береді.
1 бала: Жайдары күз, жарқын күз,
Аяулы күз, алтын күз.
Дәнге толы ен далам,
Дариядай шалқып жүр 5 бала: Күздің қазан айында
Алма, алмұрт піседі
Жапырақтар сарғайып
Сыбдыр-сыбдыр түседі
2 бала: Дала сары киінді
Самал соқты салқындау,
Қырмандарға үйілді
Алтын астық, алтын тау. 6 бала: Көбейді құт береке,
Астық толы қамбамыз
Құтты болсын мереке
Алтын күзді тойлаймыз.
3 бала: Құстар қайтты ән салып
Бұлт шарлады аспанды
Қыс келеді жар салып
Күзгі суық басталды. 7 бала: Күзім, күзім, күзім,
Пісті алма жүзім,
Тұрғанда бәрін күз беріп
Кел алайық біз теріп
4 бала: Жапырақ ұшты
Суық та түсті
Сондада бізге
Қызық көп күзде 8 бала: Алтын сары қызыл-көк,
Алуан-алуан жапырақ,
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап.
Мұғалімнің сөзі:
Сергіту сәті «Ұзын құлақ сұр қоян»
Шеңберге тұрып өлең айтады. «Жаңбыр, жаңбыр шулама»
Алтын күздің жұмбақтарын шешу.
Бойын жерге жасырған,
Бұрымы бар жасылдан (сәбіз)
Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсең жылатады (пияз)
Күз ханшасы:
Балаларға әкелген сыйлықтарын беріп, рахметін айтып қоштасып кетеді.
Мұғалімнің сөзі:
Рахмет саған алтын күз. Ата-аналарға көп-көп рахмет, алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін. Ертеңгілігіміз аяқталды, сау болыңыздар!
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 15.43 Kb |
Количество скачиваний: | 72 |