Қазақ тілін оқытудың тапсырмалары 7 сынып

Предмет: Другое
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

    Қазақ тілін оқытудың  бағдарлы тапсырмалары

     Оқушылардың қазақ тілінде сөйлесім әрекетін қатысым құралы ретінде меңгерту мақсатында берілетін тапсырмалар

7 сынып

 Әлеуметтік- тұрмыстық ая бойынша

Тақырыбы: Менің отбасы мүшелерім және туыстарым қай тілде сөйлейді?

Тапсырмалары:

-          Сенің отбасың ана тілінде сөйлеседі ме? (Сөйлемесе, не себепті?)

Өз пікірлеріңді білдіріңдер.

-   Отбастарыңда сөйленетін тіл туралы достарыңмен пікірлесіп, өзара жұпта сөйлесіңдер.

-          «Туысы бірдің- уысы бір» дегенді қалай түсінесіңдер? Өз ойларыңды айтыңдар.

-          Отбасы мүшелерінің отбасындағы орны мен міндеттері. Пікірталас құрыңдар.

-          Отбасы, ана тілі туралы мақал- мәтелдерді естеріңе түсіріңдер.

Тақырыбы: Сыйлықтар. Мен досыма қандай сыйлықтар беремін?

Тапсырмалары:

-          Құттықтауға қатысты сөз орамдарын пайдаланып, достарыңа тілек айтыңдар.

-          Сендер туған күнге бармақсыңдар. Осы жағдаят бойынша жұпта диалог- пікірталас құрыңдар.

-          Сыйлық міндетті түрде қымбат, сапалы болуы керек. Келісесіңдер ме? Ойларыңды айтыңдар.

-          Өз ұлтыңның сыйлық беру дәстүрі туралы реферат жазыңдар.

     Тақырыбы: Менің жазғы демалысым

Тапсырмалары:

-          Жазғы демалыстарыңнан қандай әсер алдыңдар? Әңгімелеңдер.

-          «Менің жазғы демалысым» тақырыбына шағын шығарма жазыңдар.

-          Тақырып  бойынша диалог құрастырап, өзара жұпта сөйлесіңдер.

-          Жазғы демалысты қайда өткізген дұрыс? Сұхбат құрыңдар.

  Тақырыбы: Ас- адамның арқауы

Тапсырмалары:

-          Саған қандай тағам ұнайды? Әңгіме жазыңдар.

-          «Ас- адамның арқауы» дегенді қалай түсінесің? Өз ойларыңмен бөлісіңдер.

-          Сенің тамақтану режимің. Монолог түрінде баяндаңдар.

-          Асханада қалай тамақтанып жүрсің? Диалог құрыңдар.

-          Ас туралы мақал- мәтелдерді естеріңе түсіріңдер.

Тақырыбы: Киім

Тапсырмалары:

-          Киім кию өнер ме? Сұхбат құрыңдар.

-          Ұлттық киімдерді күнделікті киер ме едің? Өз ойларыңды айтыңдар.

-          Мектеп оқушысының киімі. Киім үлгілерін суреттеңдер.

 

   Оқушылардың қазақ тілінде сөйлесім әрекетін қатысым құралы ретінде меңгерту мақсатында берілетін мәтінмен жұмыс барысындағы тапсырмалар:

7 сынып

    Әлеуметтік- мәдени ая бойынша

Тақырыбы: Музыка. Біздің еліміздің сазгерлері

1.Мәтін: Сұлу, әдемі музыка (120 бетте)

Тапсырмалары:

1. Сөздікті талдап, сөз тіркестерін, сөйлем құрыңдар.

2. Мәтінді түсініп, рольге бөліп оқыңдар.

     3. Мәтін бойынша сұрақ- жауап құраңдар.

4. Неге қалмақтың ханы Саймақты тұтқыннан босатты? Өз ойларыңды белгілеңдер.

3. Мәтіннің мазмұны бойынша қорытынды жасаңдар.

4. Өздерің  қандай шешім ұсынар едіңдер?

 2.  Мақал- мәтелдермен жұмыс: Ән- көңілдің ажары (121 бетте)

Тапсырмалары:

1.      Музыкаға байланысты мақал- мәтелдерді оқып, мағынасын түсіңдіріңдер.

2.      Бір мақал бойынша шағын әңгіме құраңдар.

3.      Өздерің ұнататын музыка, топтар туралы өзара сөйлесіңдер.

3. Мәтін: Қазақ халқының музыкалық аспаптары тарихынан (125 бетте)

Тапсырмалары:

1. Мәтінді сөздік арқылы түсініп оқыңдар.

2. Тірек сызбалар арқылы мәтіннің мазмұнын айтыңдар.

3. Мектептегі музыкалық үйірмелер туралы әңгімелеңдер.

4. Қазақ халқының бір музыкалық аспабы тарихынан қосымша мағлұмат табыңдар.

4.  Мәтін: Ұлттық аспаптар. Дауылпаз(126 бетте)

Тапсырмалары:

1.      Диалог негізінде соңын өздерінше аяқтаңдар.

2.      Берілген анықтама бойынша әңгіме құраңдар.

3.      Бір ұлттық аспапқа сипаттама беріңдер;

5. Мәтін: Халық әндері (129 бетте)

Тапсырмалары:

1. Халық әндері адамды неге тәрбиелейді? Өз ойларыңды белгілеңдер.

2. Қазақтың халық әндері деген қандай әндер? Өзара сөйлесіңдер.

3. Бір халық әнін жаттаңдар.

 

6. Мәтін: Күй аңыздары (133 бетте)

Тапсырмалары:

1.      Мәтінді түсініп оқып, тірек сызбаны толықтырыңдар.

2.      Өзара диалог құрыңдар;

3.      Жоспар құрып,  толық әңгімелеңдер.

7. Мәтін: Мұқан Төлебаев

Тапсырмалары:

1.      Мәтінді түсініп оқып, жоспар құрыңдар.

2.      Мәтін бойынша бір-бірлеріне сұрақтар дайындаңдар.

3.      Мұқан Төлебаевөмірі мен шығармашылығы жөнінде қосымша мәлімет жинаңдар. Топта жұмыс жасаңдар.

8. Мәтін: Құрманғазы Сағырбайұлы (153 бетте)

Тапсырмалары:

4.      Мәтінді түсініп оқып, диалог бойынша сөйлесіңдер.

5.      Маған қандай сазгерлер ұнайды? Шағын шығарма жазыңдар.

6.      «Қазақ сазгерлері» деген тақырыпқа  тірек сөздер арқылы әңгіме дайындаңдар.

7.      Құрманғазы Сағырбаев жайында қосымша мәлімет жинап, реферат жазыңдар.

9. Мәтін: Әженің әлдиі  (137 бетте)

Тапсырмалары:

1. Мәтін бойынша монолог дайындаңдар.

2. Өзара ана әлдиінің құдіреті жөнінде диалог құрыңдар.

3.Сендердің өмірлеріңде музыка қандай рөл атқарады?  Шағын шығарма жазыңдар.

 

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 40 Kb
Количество скачиваний: 30
Просмотров: 197

Похожие материалы