Білім беруді жетілдірудің ең негізгі бағыттарының бірі - оқыту үрдісін жан-жақты және жүйелі түрде компьютерлендіру. «Информатика және есептегіш техника негіздері» жалпы білім беретін мектептерге 1985-86 жылдардан бастап міндетті пән ретінде енгізілген бо

Предмет: Информатика
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДА КОМПЬЮТЕРЛІК

ГРАФИКАНЫ ҚОЛДАНУ ТӘСІЛДЕРІ

Білім беруді жетілдірудің ең негізгі бағыттарының бірі - оқыту үрдісін жан-жақты және жүйелі түрде компьютерлендіру.

«Информатика және есептегіш техника негіздері» жалпы білім беретін мектептерге 1985-86 жылдардан бастап міндетті пән ретінде енгізілген болатын. Алғашында ол тек компьютерлік сауаттылықты қалыптастыру үшін ғана оқытылса, кейін оның мазмұны өзгерді. Қазіргі кезде ол қоғамға лайық жеке тұлғаны қалыптастыру және дамыту үшін қажетті негізгі пәндердің бірі болып есептеледі. Бұл пәннің мектептерге енгізілуіне байланысты педагогика ғылымның жаңа саласы пайда болды, оның зерттеу объектісі – информатиканы оқыту әдістемесі болып табылады.

Бұл білім беруді ізгілендіру, қазіргі оқу орындарындағы білім берудің мақсаттылық бағдарларының өзгеруін, мұның ішінде басты орынға оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, өз бетінше оқуға деген ынтасын қалыптастыру мақсаттарын қойды.

Қазіргі уақытта «қоғамды ақпараттандыру», «білім беруді информатикаландыру» деген сөз тіркестері біздің сөздік қорымызға еніп кетті. Мектептерде Word және Paint редакторлары, Exsel кестелік редактор, Corel Draw векторлық графикалық редактор және ADOBE PHOTOSHOP бағдарламаларының мүмкіндіктерін практикада қолдану барысында компьютерлік графиканының алатын орны ерекше және бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр.

Мектеп курсында компьютерлік графиканы оқытудың мақсаты орта білім беру жүйесінде құжаттарда қолданылатын қарапайым графикалық редакторларды және кәсіптік графикалық редакторларды информатика сабағында қолдану әдістерін оқушыларға түсіндіру, практикада қолдануы туралы білімдерді меңгерту, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, өз бетінше оқуға деген ынтасын қалыптастыру. Мектепте компьютерлік графиканы оқыту 5 сыныптан басталады, ал бастауыш сыныптарда факультатив сабақ ретінде қарапайым компьютерлік графиканы қолданамыз.

Графикалық редактор - графикалық бейне түріндегі суреттерді салуға және оларды өңдеуге арналған арнайы бағыттағы бағдарлама. Қазіргі кезде нүктелік (немесе растрлық) және векторлық деп аталатын графикалық редакторлардың екі түрі белгілі. Нүктелік графикалық редакторларда кез келген сурет пиксельдер деп аталатын нүктелерден тұратын кішкене бейнелер (мозаика) арқылы салынады, ал нүктелердің әрқайсысы түрлі түске бояла алады.

Раіnt (Раіntbrush) - Windows жүйесінің стандартты программалар тобына кіретін қарапайым нүктелік графикалық редактор. Раіnt өзінің мүмкіндіктері жағынан профессионалды графикалық редакторлардан біршама төмендеу болғанымен ол едәуір күрделі әрі тартымды, түрлі-түсті және ақ-қара суреттерді, схемаларды, сызбаларды (чертеждер) даярлауға мүмкіндік береді. Бүл редакторды игеру онша қиын емес, оның қүрамында сурет салу, сызу және оларды өндеуге арналған стандартты қарапайым аспаптар жиыны бар, дайындалған бейнелер файлдардың кең тараған графикалық форматында сақталады.

Компьютерлік графикада жасалған құжаттарды төмендегідей кең таралған форматтарда сақтаймыз. Енді осы форматтардың артықшылықтары мен кемшіліктеріне тоқтала кетейік.

BMP (Windows Device Independent Bitmap). Windows операциялық жүйесінің меншікті форматы. Индекстелген (256 түстер) және RGB-түстер бар. Берілген формат Windows-пен жұмыс істейтін барлық графикалық редакторларды (және ол ғана емес) түсінеді. Осымен BMP-тың көптеген жетістіктері бітеді де, жетіспеушіліктері басталады.

• BMP Интернетке мүлдем келмейді.

• BMP – бұл келесі баспаға шығаруға сәтсіз таңдау.

• BMP – аппараттық тәуелді формат.

• Ол RLE-қысуды дөрекі қолданады.

• Бұл формат көп орын алады.

GIF (CompuServe Graphies Interchange Format) Бүгінгі күні көбіне Интернетте қолданылатын атақты файлдық форматтарының бірі. Анимацияны, мөлдірлікті сүйеуі GIF-ті Әлемдік форматтар желісінде қолдануына көмектеседі. Оның ең басты кемшілігі – 256 түсті ғана кескіндеуі.

EPS (Encapsulated PostScript). Келесіде қайта баспаға шығаур мақсатымен ақпаратты сақтаудағы жақсы форматтардың бірі. Әдетте бұл формат егер келесіде ақпарат PostScript –принтерінде қайта басып шығарылатын болса ғана қолданылады.

JPEG (Joint Photographic Experts). JPEG-ті графикалық формат ретінде қарағанымызбен, ол ең алдымен қазіргі уақытқа кең етек алған сығу қағидасының бірі. JPEG-ті ең дұрысы суреттің жақтарында анықсыздық және майысушылық жіберуге болатын фотосуреттер және суреттер үшін қолдануға болады. Дегенмен де, кескіндемелер жоғары бағалауды басқа форматтармен берген дұрыс. Мысалы, PSD және TIFF форматтары.

PDF (Portable Document Format). Бұл формат әр түрлі типтегі ақпараттарды желілерден тез жіберу үшін өңделегн. Бүгінгі күні PDF-ға мыналар кіруі мүмкін: графика, мәтін, гиперссылка, дыбыс, бейнедыбыс және т.б.

PNG (Portable Network Graphics). Үшінші «кит» (Бірінші екеуі – JPEG және GIF), бұған Интернеттегі кескіндеме сақталады. Әлемдік желіні дамытудағы ең жобалы формат. PNG GIF-пен салыстырғанда кез келген түстің санын, тіпті 48-биттік түсті де қолдана алады.

PNG сонымен қатар әр түрлі деңгейдегі мөлдірлікті де ұстай алады, яғни жартылай мөлдір (1-99%) пиксельдер сақталына алады. Бұл, әрине, вебдизайнның мүмкіндігін кеңейтеді және бұл форматты өте тартымды ете алады.

TIFF (Tagged-Image File Format). Бүгінгі күні баспа істерінде ең кең таралған графикалық формат. Оның негізгі құндылықтары:

• Аппараттық тәуелсіз. Сондықтан да оны көбі PC-тан Macintosh-қа және керісінше суретті, бейнені ауыстырғанда әдейі пайдаланады.

• Өте сенімді формат. Іс жүзінде барлық бағдарлама оны даусыз қабылдайды.

• CMYK және PANTONE-ді қосқанда, барлық түстің модельдерін қабылдай алады.

• Өзімен бірге қосымша ақпараттарды алып жүреді. Мысалы, кескіндер немесе альфаканалдар туралы.

• Оны файлдарды сақтауда қабылдағыш ете алатын LZW-компрессины қолдана алады.

Компьютерлік графиканы мектеп қабырғасында ерте үйретудің басты ерекшелігі оқушының қызығушылығын арттырады, сонымен қатар әр түрлі жарыстарға қатысуға мүмкіндік береді.

Оқушылардың қызығушылығын арттырып, еңбекке баулу, олардың болашақ мамандығын таңдауда мектептің тигізер ықпалы зор. Сондықтан мектептегі оқыту әдістерін жетілдіру мәселесі көптеген педагогтардың назарын аудартуда.

Осындай әдістердің бірі ретінде оқытудың проектілік әдісі болып табылады. Проектілік әдісдің тиімділігі оқушы мен мұғалім арасын жақындастырады, оқушының өз бетінше жұмыс жасауына, өз ойын графика түрінде бейнелеуге, жобалық жұмыспен айналысуға, жауапкершілік артуына әсерін тигізеді.

«Компьютерлік графика» оқытуға арналған проектілер факультатив сабақтарында қолданған ыңғайлы. Өйткені олар көп уақытты және оқушылардың әр түрлі пәндерден жүйеленген білімін және шығармашылық ізденушілігін талап етеді. Оқытушы білімгерлердің білім деңгейлеріне сай проектілерді жеңілдетуі немесе қиындатуы мүмкін.

1.«Компьютерная графика и Web дизайн», Т.И. Немцова, Ю.В. Назарова.

2.Халықова К.З. Информатиканы оқыту әдістемесі, Алматы, 2000

3.Балапанов Е.Қ., Бөрібаев Б., Даулетқұлов А.Б. Информатикадан 30 сабақ. Алматы, 1998 ж.

4. Нургалиева Г.К. и др. Педагогические технологии информатизации образования. Алматы: РЦИО, 2006.

5. Информатика: Базовый курс. С.В. Симонович и др. – СПБ:Питер,2001.

6. Б.Бөрібаев. Информатика және компьютер. Алматы: Білім, 1995.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 38 Kb
Количество скачиваний: 12
Просмотров: 100

Похожие материалы