Конспект по уроке "өнердің пайда болуы"

Предмет: ИЗО, МХК
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Өнердің пайда болуы

Сабақтың мақсаты :          Оқушыларға тақырып бойынша түсінік беру

Тәрбиелік :                             әдемілікке, сұлулыққа тәрбиелеу

Дамытушылық :                   оқушылардың ой – өрісін дамыту   сабаққа деген ынтасын арттыру

Құрал - жабдық, көрнекіліктер :  түрлі – түсті бояулар, сурет дәптер

Сабақ түрі:    дәстүрлі сабақ

Әдіс – тәсілдері:       түсіндіру , сұрақ – жауап.

І.  Сабатың  барысы: Ұйымдастыру

а)     оқушылармен амандасу

ә)     сыныптың сабаққа қатысын тексеру

 

ІІ. Жаңа тақырып.     Сурет салу өнері адамзаттың даму тарихынан бастау алады.Ежелгі дәуірде ол тылсым сыры бар рәсімдердің бір бөлшегі ретінде қабылданды.Үңгірлердің қабырғасына мамонтты,арқар мен жабайы жылқыны бейнелегенде аңшы сол жануарды атып, олжаға кенелгендей, мұны сәттәлікке жорыған. Осылайша үңгір қабырғалары мен тастарға салынған суреттер – петроглифтер пайда болды.

Адам алдымен ежелгі аңшылардың тіршілік көзіне айналған аңдардың бейнесін зерттеп кейінірек шағын мүсіндер: бастапқыда әйелдердің, содан соң ер адамдардың кескінін жасай басатады.

Ою түріндегі айқын сызықтар бейнелеу өнерінің бастапқы кезеңінде –ақ көрініс тапқан.Алдымен түзу, толқынды сызықтар мен нүктелер түрінде болса, содан кейін шиыршық, айқас, үшбұрышты фигуралар пайдаланылды.

Қолөнердің дамып, жаңа еңбек құралдарының пайда болуына байланысты жартастарға салынған суреттерде адам бейнесі басты орында тұрды. Ежелгі суретшілер бұрын түс пен көлемге  ерекше мән берсе,енді қимыл – қозғалысты көрсетті. Үңгірдегі суреттер аңшылардың өмірінен көріністер,сондайақ үй жануарларымен жабайы жауарлар бейнеленген топтық композицияларға айналады.

Испания , Франция үңгірлерінен , Сахара ,Карелия, Қазақстаннан табылған жартас суреттеріне , сондай – ақ көптеген мүсіндерге қарап, ежелгі суретшілердің аң, адам,, аңшылық көріністерін бейнелеуде байқау қабілеттері жоғары және үлкен шеберліктің иесі борлғандықтарын көреміз.

Қазақстан аумағында бірнеше дәуірді бастан өткізген бейнелеу өнерінің жартастардағы ғажайып ескерткіштері сақталған. Олар таулар мен асуларда ,шоқылы төскейлерде орын тепкен. Солардың ең белгілілері- Қаратаудағы Арпаөзен, Жетісу өңіріндегі  Таңбалы мен Ешкіөлмес. Жартастағы көріністер 10 000- ға жуық сурет – кескіндерді құрап , қасиетті мекендерге айналған. Бұл тарихи ескерткіштер алғашқы өнердің дамуынан бастап , ежелгі дін мен мифологиядан құнды мәліметтер береді.

ІІІ. Тақырыпты бекіту.  1. Петроглифтер дегеніміз не?

2.Ежелгі адамдар жартастарда нені бейнелеген?

3.Петроглифтер туралы алғашқы мәліметтерді жинақтаған кім?

ІY.  Сабақты қорытындылау.  Әсіресе  Таңбалы шатқалында бейнеленген кескін – суреттер ерекше қызығушылық тудырады. Жоғарыда күн басты екі адам , ал төменде олардан кішірек адамдар мен жануарлар бейнеленген . Төменгі адамдар саны жылдың он екі айы білдіруі мүмкін.

 

 

Бұл жерден  2000- нан астам қазақ халқының  мұрасы табылды. Петроглифтер туралы алғашқы мәліметтерді әйгілі қазақ ғалымы , этнограф әрі саяхатшы  Шоқан Уәлиханов жинаған.

Бағалау .

Үйге тапсырма.  Тақырыпты оқып, оқушылардың үй тапсырмасына Жартас бетіндегі суреттерді салу.

 

 

 

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 14.4 Kb
Количество скачиваний: 9
Просмотров: 135

Похожие материалы