«Мағжан педагогикасы арқылы оқушылардың сұлулық сезімдерін өркендету»

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

 3 сыныпқа арналған ана тілі оқулығындағы Ж.Кәрменовтың «Әке тәлімі» әңгімесінде – Көзіңді ашпаған қалпыңда әндегі айтылған жайлардың суретін көзіңе елестетіп көрші,-деді Ермекке әкесі Бекмұхамед. Сол-ақ екен, домбыраның күмбірлеген сарынына әкесінің майдақоңыр үні қосылып «Қараторғай» әні әуелеп кетті.

- Ой қызық-ай! ән де сурет екен ғой. «Қараторғай» әнінің мағынасын елестетіп... тұнық аспан, қалықтаған құс суреті айнадан көргендей тізбектеле жөнелді...

Ән құдіреті, әннің мазмұны арқылы Ермектің сұлулық сезімі оянды,ол сұлулықты сезінді. Оқушыларға Ермектің сезімін суреттейтін тұстарды тауып оқу тапсырылды. Үнтаспадан «Қараторғай» әнін тыңдата отырып, Ермектің орнына бір сәт өздерін қойып, әннің мағынасын көз алдарына елестету тапсырылды.

Мектепке алғаш келгенде-ақ кейбір оқушылардың өнердің бір түріне ынтасы бары байқалады, бір оқушылар ән айтуға, бір оқушылар би билеуге, бір оқушылар сурет салуға т.б. бейімділіктері байқалады. Ал, кейбір оқушылардың бейімділіктері кеш оянады, оқушылардың ынтасын зерттеп, байқап, ынталандыруға тура келеді. Сыныптағы оқушылардан өнердің қай түрін ұнататындықтарын жазбаша зерттегенде: он оқушы би өнерін, сегіз оқушы сурет салғанды, он оқушы спортпен шұғылданғанды, бес оқушы музыка аспабында ойнағанды, он төрт оқушы құрастырумен шұғылданғанды, он бір оқушы компьютерлік ойынды (кейбір оқушы өнердің екі-үш түрін атады) ұнататындықтары анықталды. Үш оқушы ешбір өнерге ынтасын білдірмеді. Жекелеме сөйлескенде өзінің әлі еш өнерге ынтасы жоқ екені, ата-анасы шешетіні анықталды.

Зерттеу жұмысы ата-аналармен жүргізілгенде ата-аналардың жетпіс бес пайызының пікірі балаларының пікірімен дәл келсе, жиырма бес пайыз ата-аналардың пікірі балаларының пікірінен алшақ болды. Яғни, ата-аналар тарапынан балаларына деген сенімсіздік байқалды .

  •  Мен баламның музыкаға деген бейімділігін байқамадым.
  •  Спортпен айналысуға әлі ертерек.
  •  Баламды қосымша мектепке жалғыз жібере алмаймын, -деген пікірлер болды. М.Жұмабаевтың жоғырыдағы педагогикалық ілімін ескере отырып, алдымызға үш оқушының сұлулық сезімдерін ояту, өркендету міндеті қойылды.

Осы сұлулық сезімдерді өркендету мақсатында ана тілінен «Абай» тақырыбын өткенде үнтаспадан «Абайдың қара сөздері» тыңдатылды, Ә.Сәрсенбаевтың «Халық кегінің күйшісі», «Халыққа жеткіз күйімді» мәтіндерін өткенде үнтаспадан Құрманғазының «Кішкентай», «Балбырауын», «Қайран шешем», «Адай». Динаның «Әсем қоңыр», «Той бастар», «Жеңіс» күйлерін оқушылар сүйсіне тыңдап, бір оқушы Динаның «Бұлбұл» күйін домбырада орындаса, би үйірмесіне қатысатын төрт оқушы күй әуенімен биледі, қалған оқушылар Құрманғазының «Сарыарқа» күйін тыңдап, елестете отырып, бейнеледі. Мәнерлеп оқу үйірмесінде оқушылар М.Жұмабаевтың, А.Құнанбаевтың, Ы.Алтын-сариннің, жергілікті ақын К.Сауғабаевтың, «Ұлан» газетінің редакторы С.Қалиұлының өлеңдерін сүйіп оқиды, ақындарға еліктеп өлең шумақтарын құрастырады.

Бұл қағидасын оқушылардың жеке басының тазалығын, өздеріне-өздері қызмет етуін, мектепте, үйде және қоғамдық орындарда тазалық нормаларын сақтауын тәрбиелеу мақсатында өткізілген өнеге сағаттарының мазмұны Мағжан педагогикасымен үндеседі.

Ал, ата-аналар жиналысында Мағжанның жалпы бала тәрбиелеуші жұртшылыққа арналған мағынасы терең педагогикасы жөнінде кең түсінік берілді. «Мағжан Жұмабаевтың педагогикалық ілімдері», «Мағжан педагогикасындағы ата-аналардың бала тәрбиесіндегі ролі» Мағжан педагогикасындағы сұлулық сезімі» тақырыптарына баяндама, «Отбасы өнегесі», «Отбасындағы балаға басты үлгі-ата-ана» тақырыбына конференция, пікірлесу, тренингтер өткізілді.

Әдебиеттер:

  1. М.Жұмабаев.Таңдамалы: «Өлеңдер, поэмалар, зерттеулер, аударма-лар» - Алматы: Ғылым,1992 жыл, 272бет.
  2. М.Жұмабаев. Педагогика - Алматы: Ана тілі, 1992 жыл, 160 бет.
Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 44.5 Kb
Количество скачиваний: 13
Просмотров: 138

Похожие материалы