«Пікірталас мәдениетінің талаптары»

Предмет: Иностранные языки
Категория материала: Конспекты
Автор:
Сабақтың тақырыбы: Пікірталас мәдениетінің талаптары Сабақтың мақсаты: 1. білімділік:  тақырыпты меңгерту, шығармашылық қабілеттерін  жетілдіру; 2. дамытушылық: ойлау  және есте сақтау қабілеттерін дамыту, әдеби тілде өз ойларын жеткізе білу дағдыларын дамыту; 3. тәрбиелік: сөз мәдениетін сақтауға, шешендікке, тапқырлыққа, ауызбіршілікке тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас сабақ      Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ашық тест,ойбөлісу, топтық жұмыс Көрнекі құралдар: интерактивті тақта,үлестірмелі қиындылар,сызбалар, тест парақшалары Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, шешендік өнер, қоғамтану Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру: а) Оқушыларды түгелдеу; ә) Оқушы мен сыныптың сабаққа дайындығы;         Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау, ойларын бір ортаға жинақтау мақсатында ой тастау. Мұғалім сөзі:       - Армысыңдар, арманшыл жүрек, жастық жігер, талапты түлектер! Сенбердің бүгінгі, ертеңгі және болашақтағы мақсаттарың не? - Мектепті жақсы бітіру,ҰБТ-ді нәтижелі тапсыру,өз өмірімізге қызмет ететін  мамандық таңдау, мемлекетіміздің  саналы азаматы болу. ІІ.Үй тапсырмасы: «Пікірталастың қоғамдағы орны»  сыр-сұхбат Мұғалім сөзі: -         Азамат пікірінің танылатын орны қандай жер? -         Пікірталас алаңы -         Пікірталас деген не? -         Ой додасы, сөз майданы -         Пікір айтылады, айтылған пікірге қарсы не туады? -         Ой -         Сол жағдайда пікір айтқан адам қандай әрекет жасайды? -         Пікір айтқан жан өз пікірін дәлеледейді. -         Демек, сөзді сөз оятады, ойды ой тудырады екен. -         Осы жайында кімнің қандай пікірі бар? -         Жапон ғалымы Секи Такаһарудың: «Адамдар пікірі – қоғам дамуының қуат көзі. Әр пікір айтылған сайын сан мың жаңа идеялар туады»,-деген сөзі бар. -         Пікірталас майданына шығатын адам қандай болу керек? -         Өлең жүректі, өрт сөзді, семсер тілді, сабырлы да салқынқанды болғаны жөн.  
Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 76.5 Kb
Количество скачиваний: 745
Просмотров: 1111

Похожие материалы