План конспект по биологии 8 класс ( модульная технология)

Предмет: Биология
Категория материала: Конспекты
Автор:

Сабақтың тақырыбы: «Жасуша мен оның органоидтерінің құрылысы »

Сынып: 8

1 модуль. 8 сынып (биология)

“Жасуша мен органоидтердің құрылысы.” (3сағат)

 

Бөлімі

Сабақ саны

Сабақтың мазмұны мен түрі

Уақыт

Кіріспе

1-сабақ

1.Модульдің құрылысы мен таныстыру.

2.Лекция “Жасуша мен оның органоидтерінің құрылысы.”

3.Оқулықпен, дәптермен жұмыс.

  1. 5мин

 

  1. 30 мин

 

  1. 10 мин

Сөйлеу бөлімі

2-сабақ

1.”Сұрақтар мен жауаптар” ойыны.

2.Оқушыларды бағалау.

3.Үйге тапсырма.

  1. 40 мин
  2. 3 мин
  3. 2 мин

Қорытынды

3-сабақ

1.Деңгейлік тапсырмалар

2.Тест

3.Бағалау

4.Қорыту

  1. 25 мин
  2. 15 мин
  3. 2 мин
  4. 3 мин

 

 

Білімділік мақсаты: жасушаның құрылысы, оның органоидтары, жасушаның тіршілік процестері ,химиялық құрамы туралы білу

Дамыту: оқушыларда жасушаның химиялық құрамы туралы түсініктерді қалыптастыру, проблемалық сұрақтарды талдап отыра салыстыруға, логикалық, интеллектуалдық ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқулықпен өздігінен жұмыс істеумен өз білімі өзі бағалап тексере білуге қалыптастыру.

Оқушылар нені білу керек:

-          жасушаның құрылысы

-          органоидтардың құрылысы мен атқаратын қызметі

-          жасушаның тіршілік қасиеттері

-          жасушаның химиялық құрамы

Оқушылар не істей алу керек:

-          суреттен жасуша органоидтарын танып және көрсете білу.-           

Меңгеруге қажетті ұғымдар: 

-          цитология                            - Гольджи комплексі

-          жасуша                                 - эндоплазмалық тор

-          органоид                             - центросома

-          цитоплазма                         -  ДНҚ, РНҚ, хромосома

-          ядро, ядрошық                    - зат алмасу                              

-          мембрана                            -  тітіргенгіштік, қозғыштық 

-          рибосома                            - өсу, көбею

-          лизосома                            - орг. заттар (нәруыздар,майлар,көмірсулар,нукл. қышқ)                                 

-          митохондрия                     - бейорг. заттар (су, мин. тұздар)      

2-сабақ. “Сұрақтар мен жауаптар ойыны” (20 минут)

Құрал-жабдықтар: 1. бағалау парағы

                                2. тапсырмалары бар парақ

Оқушылар 2 топқа бөлінеді. Топтар бірінші тапсырманы орындайды. 

№ І Әр жұп жауаптарды оқулықтан және суретке қарап, іздеп табады.

 

  1. Цитоплазманы қоршап тұратын мембраның қызметі?
  2. Цитоплазма құрамына жататын органеллалар?
  3. ӘПТ құрылысы мен қызметі
  4. Митохондрияның құрылысы мен қызметі
  5. Қызметімен байланысты Гольджи аппаратының құрылысы,ерекшелігі қандай?
  6. Рибосомалар қандай қызмет атқарады?
  7. Ядро қызметі қандай?
  8. Жасушада ДНҚ молекуласы қандай рөл атқарады?
  9. Неліктен митохондрия “энергетикалық станция” деп аталады?
  10. Лизосоманың жасушадағы қызметі. 

                                      ІІ тапсырма 

  1. Биосинтез процесі дегеніміз не?
  2. Тітіркенудің тітіркенгіштен айырмашылығы қандай?
  3. Жасушаның сан жағынан арту процесі?
  4. Жасушаның құрамына қандай заттар кіреді?
  5. Нәруыздардың жасушадағы рөлі қандай?
  6. Майлар дегеніміз не? Олардың рөлі қандай?
  7. Көмірсулар дегеніміз не? Олардың рөлі?
  8. Көмірсулардың түрлерін тап беріңдер.

9.   Нуклеин қышқылдары дегеніміз не?

     10.  Нуклеин қышқылдардың мономерлері 

ІІ кезең

Топтар тапсырманы ауыстырып, орындайды.

3-сабақ Деңгейлік тапсырмалар

 

І деңгей. Сөйлемдерді аяқтау

  1. Адам денесі көпжасушалы организмдер сияқты ... құрылысты болады.
  2. Жасушаны зерттейтін ғылым- ...
  3. Ядродағы ... тұқымқуалаушылық ақпаратты тасиды.
  4. Адам денесіндегі әрбір сомалық жасуша ядросында ... хромосома, ал жыныс жасушаларының ядросында ... хромосома болады.
  5. Ядро ішінде ... және бір немесе ... болады.
  6. Жасушада нәруыздарды синтездейтін ...
  7. Жасушаның барлық органоидтерін біріктіретін ...
  8. Көпіршік, қуыстардан, өзектерден тұратын органоид ...
  9. Жасуша үшін өз маңызын жайған заттарды бұзып, ыдырататын және фагацитозға қатысатын органоиды....
  10. Ретті орналасқан қуыстардан, түтікшелерден және көпіршектерден тұратын жүйе ...
  11. Жасушаның “энергетикалық станциясы” ... 

ІІ деңгей

Бөліктердің, органоидтердің және процестердің тізімінен жауаптарды теріп алыңдар:

  1. мембрана                                   6. жасушаның көбеюі
  2. цитоплазма, ядро                     7. жасушаның бөлінуі
  3. рибосома                                   8.жасушаның қоректенуі
  4. митохондрия                            9. тыныс алуы 
  5. хромосомалар                          10. жасушаның өлімі

 

І. Жасушаның негізгі тіршілік процесстері

ІІ. Жасушаның негізгі бөліктері

ІІІ. Қай органоид зақымданса ақуыз синтезі бұзылады?

ІV. Қай органоидта глюкозаның тотығуы өтеді?

V. Барлық жасушаларда (46) бірдей болатын органоид?

VІ. Жаңа жасушалардың пайда болуына себеп болатын процесс

VІІ. Қандай органоид зақымданса адамның тұқымқуалаушылығы бұзылады?

VІІІ. Шаштардың, сүйектердің өсуі, жараның жазылуы жасушаның қай процессімен байланысты?

ІХ. Қандай органоид зақымданса орг. заттардың ыдырауы және тотығуы бұзылады?

Х. Жасушаның өсуі қандай процесстің бұзылуына байланысты тоқталады? 

Тест

1.Жасушаны зерттейтін ғылым:

а) гистология      б) цитология         в) анатомия     г) эмбриология

2.Лизосоманың негізгі қызметі:

а) ақуыз синтезі     б) мономерге дейін орг. заттарды ыдырату       

в) заттарды тасымалдау        г) пиноцитоз

3.Түйіршікті ЭПТ қызметі:

а) ақуыз синтезі және затты тасымалдау

б) органикалық заттарды қорыту

в) жасушааралық алмасу;

г) рибосоманың түзілуіне қатысады;

4.Тамақтың құрамындағы ақуыздар қандай ортада қорытылады?

а) бейтарап ортада;     б) сілтілі ортада;       в) әлсіз сілтілі ортада;     г) қышқыл ортада;

5.Жануар жасушасында қорға жиналатын көмірсу:

а) целлюлоза   б) крахмал             в) глюкоза              г) гликоген

6.Тегіс бетті ЭПТ қызметі:

а) ақуыз синтезі       

б) липидтердің және көмірсулардың синтезі

в) АТФсинтезі

г) РНҚ синтезі

7.Май қышқылынан және глицериннен тұратын зат:

а) ақуыздар          б) майлар         в) көмірсулар        г) минералды заттар

8.Жоғары  температурада бұзылатын зат:

а) ақуыздар          б) майлар         в) көмірсулар        г) минералды заттар

9.Жасушаның негізгі құрылыс материалы:

а) ақуыз          б) май         в) көмірсу    г) минералды зат

10.Еріткіш қызметін атқаратын зат:

а) ақуыз        б) май     в) көмірсу      г) минералды тұз           д) су

 

 

 

 

 

 

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 235.5 Kb
Количество скачиваний: 27
Просмотров: 206

Похожие материалы