Планирование по казахскому языку на тему
Предмет: | Иностранные языки |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Ибраева Айнур Сериковна
|
Сабақ тақырыбы: Тіл дамыту. Жеті ата
Сабақ мақсаты: отбасындағы тәрбие туралы біліидерін толықтыру, жеті ата туралы түсінік беру
Сабақ міндеттері:
А) білімділік - көмекші есімдермен таныстыру, түсіндіру;
Ә) дамытушылық - оқушылардың сөйлеу әрекетін, қазақша ойлауын, есте сақтауын, қабылдауын, қабілетін дамыту
Б) тәрбиелік - ата - анасын сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге, өнегелі болуға тәрбиелеу..
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Сабақ әдісі: оқу, түсіндіру, жаздыру, грамматикалық тапсырмалар орындау
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
А) сәлемдесу, түгендеу
Ә) оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
Үй жұмысын тексеру
ІІ. Жаңа сабақ
Тіл дамыту. Жеті ата
1-тапсырма. Төмендегі мақал-мәтелдерге көңіл бөліңдер, мағынасын түсініп, көшіріп жазыңдар.
· Жеті атасын білмеген – жетесіз.
· Жеті атасын білген ұл жеті жұрттың қамын жер.
· Жеті атасын білмеген – жетімдіктің белгісі.
2-тапсырма. Өлең жолдарындағы ойлар мен мақал мәтелдерді сәйкестендіріңдер. Көмекші есімдерді табыңдар.
Ауыл басы ақсақал Ағасы бардың жағасы бар,
Теріс билік айтпаған. Інісі бардың тынысы бар.
Аға адамдар алдында Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер.
Жастар ойнап күлмеген.
Ата анасын жылатып Ата тұрып ұл сөйлегеннен без.
Ұлы тастап кетпеген.
Әке тұрып, ұл сөйлеу Ақылды қария, ағын дария
Қазақта әсте болмаған.
3-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар. Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңдар.
Өмір тәжірибесі мол халқымыз кейінгі ұрпаққа жеті атасын білуді міндеттеген және оны үйреткен, жаттатқан. Мұның әлеуметтік мәні зор болған. Оның себебі, біріншіден, әр адам жеті атаға дейін жақын туыс саналады. Екіншіден, қазақ халқы жеті атаға дейін қыз алыспаған. Бұрынғы адамдар танысқанда руын, тегін сұрау осыдан шыққан. Сондықтан әр қазақ баласының өз ата тегін білуі тектілік, әрі ұлттық тәртіп пен жөн білудің бір саласы болып саналған. Жеті ата әкеден жоғары таратылады.
Жеті ата
1. Әке
2. Бала
3. Немере
4. Шөбере
5. Шөпшек
6. Немене
7. Туажат
ІІІ. Сабақты қорытындылау
IV. Үйге тапсырма
3-тапсырма, 55-бет жаттау
V. Бағалау
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 15.97 Kb |
Количество скачиваний: | 14 |