Сабақтың тақырыбы: Ағаш ек. С.Шаумаханов

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:

Сабақтың мақсаты:

1. Мәтін мазмұнын түсініп, идеясын ашу арқылы балаларды дүниежүзілік мәселелер туралы сөзге тарту.

2. Дүниетану пәнімен байланыстыра оқушының жан жақты танымын кеңейтіп, білуге құштарлығын арттыру, дамыту.

3. Отан мен туған жер, табиғат ұғымдарының бірлігін жасампаз адамзат істері арқылы түсінік беру.Экологиялық мәселе шешімін іздеуге талпыныс арқылы оқу, жазу, сөйлеу мәдениетін дамыту.

Сабақ көрнекілігі:тақта, бор, қосымша материалдар, плакт, маркер,электрондық көрсетілім

Сабақ барысы:

Сабаққа дайындау.

Үй тапсырмасын сұрау.

Қ.М.Ә. «Бірінші рет балға ұстаған балаға» байланысты «Ата-анамның еңбегі зор» тақырыбында жазып келген шығармаларын тыңдап, бағалау , қорытындылау.

І. Қызығушылықты ояту.

            Көнеден қалған мынадай сөз бар екен. Адам өз өмірінде 3 нәрсе жасау керек.Ол – үй салу, ағаш егу, бала тәрбиелеп өсіру.

            Балалар, биылғы көктемдерің құтты болсын! Көктемнің белгілері не?

Әрине, құстың сайрауы, жасыл шөп, ағаштың бүршік жаруы, т.т.

-          Сендер көктемгі қандай еңбек түрін білесіңдер?

(Егін егу, жер жырту, жеміс егу, ағаш отырғызу).

-          Ал ағаш туралы не білесіңдер?

(Оқушылардың алдарында дайын кесте болу керек.)

Кестенің «Білемін» бөлігі толтырылады.

Кестенің «Білегім келеді» бөлімі бойынша балалар түрлі сұрақтар қоюы мүмкін.

 

Оқушылардың сұрақтары тақтаға жазылады.Сұрақтарды оқушылар жеке дайындайды.Сұрақтар оқылып, тақтадағы плакатқа жазылады.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 35.5 Kb
Количество скачиваний: 12
Просмотров: 136

Похожие материалы