«Сын тұрғысынан ойлау модулі бойынша дүниетану пәнінен бастауыш сынып оқушыларының таным белсенділіктерін арттыру»
Предмет:
Начальные классы
Категория материала:
Другие методич. материалы
Автор:
Нугуспанова Шынар Туленовна
Здесь была ссылка на работу «Сын тұрғысынан ойлау модулі бойынша дүниетану пәнінен бастауыш сынып оқушыларының таным белсенділіктерін арттыру» автора Нугуспанова Шынар Туленовна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты–бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп–үйрететін орта, оның жүрегі мұғалім десек, ойымызға ағартушы ғалым Ахмет Байтұрсыновтың «Ең әуелі мектепке керегі білімді, педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім» деген сөзі ойға оралады. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұсы–оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, құрметтеу–әр мұғалімнің борышы деп білемін. Бүгінгі заманда ұстазға қойылатын талап та жоғары, себебі жаһандану заманында заманауи әдіс-тәсілдерді үйрету арқылы оқыту үрдісін жүргізу басты міндет. Міне, осындай кезеңде әлемде жүріп жатқан өзгерістер мен толықтырулар, өркениеттер қақтығысының заманында біліммен бірге оқушыға берілетін тәрбиеге де зор көңіл бөлінуі керек. КембриджУниверситеті ұсынған екінші деңгейлі бағдарламасы бойынша үш айлық курсқа келіп үйренуім және ондағы заманауи әдіс-тәсілдер менің көзқарасымның өзгеруіне және ұстаздық қызметімнің жаңа сатыға көтерілуіне үлкен әсері болды. Бағдарламаның мақсат-міндеттерімен танысқан соң осы уақытқа дейінгі іс-әрекетіме рефлексия жасап, расында мына бағдарламаны игеріп, осы әдістемелік тәсілдерді мүмкіндігімізге қарай іске асыру барысында көп нәрсенің өзгеретініне көзім жетті. Сын тұрғысынан ойлау, бақылау, тәжірибе, толғану және ой жүгірту нәтижесінде алынған ақпаратты ұғыну, бағалау, талдау және синтездеуде қолданылатын әдіс болып табылады, сонымен қатар ол әрекет жасауға негізгі түрткі болуы да мүмкін. Сын тұрғысынан ойлау көбінесе бір нәрсені елестетуге, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлауға және іс-әрекеттің жаңаша түрлендірілген тәсілдерін енгізуге дайын болуды көздейді, ол ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге бейімділікпен басқаларды сын тұрғысынан ойлауға баулуды білдіреді. Негізгі деңгейде сын тұрғысынан ойлау үдерісі: · Релеванттық ақпараттар жинауды · Дәлелдерді сын тұрғысынан қолдау мен бағалауды · Кепілдендірілген шешімдер мен жинақталған қорытындылар · Ауқымды тәжірибе негізінде болжамдар мен ұсыныстарды қайта қарауды қамтиды.