Тақырыбы: Ән жүйрігі Біржан сал "Теміртас" әні

Предмет: Музыка
Категория материала: Конспекты
Автор:

Өзіндік талдау

Тақырыбы: Халқымыздың мақтанышы әнші- композиторлар .

Сабақтың тақырыбы: Ән жүйрігі Біржан сал. «Теміртаc»әні

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мәні :Әнші композитордың шығармашылығына тоқталу , таныстыру, таныту, жан – жақты білімдерін арттыру

Дамытушылығы:Жас өспірімдердің музыкаға әнге деген ықыласын дамыту.

Тәрбиелік мәні :Халық композиторларының музыкалық шығармалары арқылы халықтың салт- дәстүрін, тәрбиесін балаға бере білу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі:Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: Жаңа сабақ түсіндіру , әңгімелеу, музыка тыңдау,шығармашылыққа баулу .

Пәнаралық байланысы: Музыка әдебиеті , тарих.

Сабақ жоспары:

Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, сыныпты түгендеу, сабаққа зейін аударту.

Үй тапсырмасын сұрау: Аты әнге айналған Балқадиша.

Жаңа сабақты түсіндіру:. Ән жүйрігі Біржан сал. «Теміржан»әні

Қорытындылау.

Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

Оқушыларға Біржан салдың өмірі туралы мағлұмат бердім

Біржанды өз құлағымен тыңдаған данышпан Абай:

Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең - менше сүй, -деген мәңгілікке жетерлік сөз қалдырған.[3]

Теміртас-әнімен таныстырдым

Теміртас, Асыл, Ақық қалдың зарлап,
Адамзат қалмақ па екен солай сарнап.
Көз көрген құрбыларға дұгай сәлем,
Батасын оқи берсін маған арнап.
Ақ үйдің ай көрінер маңдайынан,
Шешеннің сөз шығады таңдайынан.
Теміртас, Асыл, Ақық, қарғаларым,
Иіскетіп кетсеңдерші маңдайыңнан.
Теміртас, Асыл, Ақық, қарақтарым,
Үкідей мен сендерді балақтадым.
Бірге өскен құрбы-құрдас, замандастар,
Есіктен келе ме деп алақтадым.
Салғаным ағаш үйге ызботты пеш,
Жаратқан, мен бендеңнің күнәсін кеш.
Денеме кендір арқан жаман батты,
Қайдасың, Асыл, Ақық қолымды шеш.
Теміртас, Асыл, Ақық балдан тәтті,
Қинауға салады екен адамзатты.
Үкідей желпіндерген, қарақтарым,
Шешсеңші, білегіме арқан батты.
Оқушыларды бағаладым

Қорытындылау:

1.Қазақтанның даңқын шығарған ақындар?

2.Жерлес ақындарды ата.

3Айтыстың түрлері?

Үйге тапсырма: Біржан салдың өмірі мен өлеңдері «Теміртас» әні

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 53.95 Kb
Количество скачиваний: 29
Просмотров: 181

Похожие материалы