Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы

Предмет: История
Категория материала: Конспекты
Автор:

"Описание материала:

Сабақтың мақсаты:

а) білімділігі: Тәуке ханның, хандық құрған кезіндегі елдің ішкі- сыртқы жағдайы, Тәукенің ел үшін жасаған еңбегін, қазақтың құқықтық жүйесін қалыптастыруға қосқан үлесін әңгімелеу. Тәуке ханның “Жеті жарғы” заңдары мен қазақтың ұлы билердің өмірі мен қызметі даналықтары туралы мәліметтермен танысу.

"Выдержка из материала:

Жаңа сабақты баяндау:

І. Оқып пікір талдау стратегиясы (Сабақты түсіндіре отырып, жетелеу сұрақтары арқылы оқушыны қатыстыру)

XVI ғасырдың ортасында Батыр хонтайшының билікке келуіне байланысты Жоңғар мемлекетінің күш-қуаты артты. Батыр хонтайшы тұсында қазақтар мен жоңғарлар арасында 1635, 1643, 1652 жылдары үш рет қарулы шайқастар болды. Осы кезде қазақтардың хан тағына 1628-1652 жылдары Есімнің баласы Жәңгір отырды. 

4. «Жеті жарғы» 

Тәуке хан хандықтың ішкі жағдайына ерекше назар аударып, мемлекеттің күш-қуатын арттыруды мақсат етті. Сол мақсаттың түп қазығы «Жеті жарғы» еді. Зерттеулерге қарағанда «Жеті жарғыны» жасауға Тәуке ханның ұсынысмен қазақ елінің таңдаулы жеті биі қатысқан. Солардың қатарында өз заманының үш данасы, үш кемеңгер деп танылған қазақ халқаның үш көсеміне айналған Төле би, Қазыбек және Әйтекелер заң жобаларын сахараның сол замандағы тұрмыс –тіршілігіне сәйкестендіре жаңартып қайта жасаған.

Халқымыздың тарихында бұл атақты үш бидің алатын орны ерекше.  Олардың есімдері тарихымызда мәңгі сақталады.Ұлы билердің қара қылды қақ жарған билік кесімдері бүгінгі таңдағы ел басқарып жүрген әкімдерімізге үлгі-өнеге болуға тиісті. билік басындағы азаматтарымыз дәл осы Ұлы билеріміздей болса, халқымызда қандай өнегелі ел болар еді

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 25.15 Kb
Количество скачиваний: 24
Просмотров: 143

Похожие материалы