Разработка урока "XVIII ғасырдың ортасындағы Қазақстан. Қазақ-қалмақ қатынастары"
Предмет: | История |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Кайырбекова Индира Амангазиевна
|
8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың ортасындағы Қазақстан.
Қазақ-қалмақ қатынастары
Сабақтың мақсаты:
· Әбілқайыр қайтыс болғаннан кейін Кіші жүзде қалыптасқан жайдайды түсіндіру, әскери-қорғаныстық бекіністердің салына бастауы жөнінде әңгімелей отырып, Ресейдің Қазақстандағы отаршылдық саясатын ашып көрсету, оқушылардың назарын қазақ-қалмақ қарым-қатынастарына аудары;
· Құжаттармен, картамен жұмыс жасау тәсілдерін жетілдіру, саяси қайраткерлердің
· қызметіне талдау жасау және баға беру арқылы оқушылардың логикалық ой-өрісін жетілдіру, танымдық қызығушылықтарын дамыту;
· Халық тарихына құрметпен қарауға, достыққа, бір-бірін түсіне білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, сызба
Негізгі түсініктер: Қазақ-башқұрт қарым-қатынастар спецификасы, әскери-қорғаныстық бекіністер салу, «Шаңды жорық», қазақ-қалмақ қатынастары.
Сабақтың барысы:
Үй тапсырмасын сұрау:
Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:
Үй тапсырмасын бірден Әбілқайыр қаза тапқаннан кейінгі Кіші жүздің жағдайын талқылауды бастаймын:
Кіші жүз
Осыдан кейін оқушыларды қазақстардың башқұрттармен және қалмақтармен қарым-қатынастарының ерекшеліктерімен таныстыра отырып, Қазақстан тарихы хронологиясындағы материалдар негізінде салыстырмалы кесте жасау, сол арқылы оқушылардың салыстырмалы талдау жасау, тақырыптағы әр түрлі деректерді пайдалана отырып қорытынды шығаруын дамыту.
Қазақстанның солтүстік-шығысында XVIII ғ-дың 30-40 жылдарында әскери бекіністер салу мәселелерін қарастырғанда картамен жұмыс жасау пайдалы:
· Салынған бекіністердің аты мен салыну себебі
· Орналасқан жері
· Алып жатқан аумағы
· Маңызы
Жүргізілген жұмыстарды қорытындылай келе, Ресейдің жер мәселесі жөніндегі орталық саясатын ашып, оқушылардың логикалық ойлау жүйесін дамыту үшін төмендегі тапсырманы беремін
Тапсырма: Оқулықтағы тақырып пен Қазхақстан тарихы хрестоматиясындағы материалдарға сүйене отырып және картаны пайдалану арқылы патша үкіметінің Қазақстандағы жер саясатының отаршылдық мәнін ашатын мысалдар келтіру. (Берілетін жауап үлгілері: Қазсқстанның тәуелділігінің күшеюі; қазақ әскерінің құрылуы, жайылымдарды тартып алып, әскери тірек базаларын салу, жергілікте қазақ руларын жайылымдық жерлерден біртіндеп ығыстыру және босаған жерлерге казактарды қоныстандыру, жергілікті ақсүйектердің саяси ықпалын әлсірету, олардың жерін тартып алу, т.б.)
Сабақты бекіту:
Оқулықтың 55-56 беттеріндегі құжатпен жұмыс ( Добромыслов А.И. Торғай облысы. Тарихи очерк. Орынбор. 1901, 149-150-беттер)
Тапсырмалар: Құжатты оқи отырып, сұрақтарға жауап беріңдер.
Ø Қазақ-қалмақ қатынастарының қандай ерекшеліктері бар?
Ø Патша үкіметі неліктен қалмақтардың Жоңғарияға көшуіне қарсы болды?
Ø Ресей қалмақтарға қарсы қандай шаралар қолданды?
Ø Қазақстардың Еділ қалмақтарыны талқандауда негізгі рөл атқарғанын қалай түсіндіресіңдер?
Ø Қазақтардың қалмақтарды талқандауының қандай тарихи маңызы бар?
Үйге тапсырма: Кестені толтырыңдар.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 836.5 Kb |
Количество скачиваний: | 17 |