Разработка урока "Кіші жүздің Ресейге қосылуы"
Предмет: | История |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Кайырбекова Индира Амангазиевна
|
8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 6. Кіші жүздің Ресейге қосылуы
Сабақтың мақсаты:
· Оқушыларды Кіші жүздің Ресейге ққосылуының негізгі себептерімен таныстыра отырып, оған жоңғар шыпқыншылығының әсерін және Әбілқайырдың Ресейге қосылу саясатында қандай мақсат көздегенін түсіндір.
· Салыстырмал талдау жасау арқлы оқушылардың шығармашылық ынтасын дамыту, тақырыпты ашу үшін күрделі немесе қарапайым жоспарлар құру, өз көзқарасы н дәлелдеуге үйрету.
· Мақсатқа жету жолында табандылыққа, шыдамдылыққа, ерік-жігердің күшті болуына тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, сызба
Негізгі түсініктер: Сыртқы саяси жағдайдың шиеленісуі, орат, Ресейдің «азиялық саясаты», қазақстарды башқұрттарға айдап салу саясаты, елшілік, бодандық, империя, саяси және экономикалық тәуелділік, әскери қорғаныстық бекіністер.
Сабақтың барысы:
Үй тапсырмасын сұрау:
Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:
Ішкі жағдай
Сыртқы жағдай
1. Жоңғарлар тарапынан қауіп сақталып қалды.
2. Қазақтардың Бұхара және Хиуа хандықтарымен арадағы жағдай күрделі күйінде қалды.
3. Еділ қалмақтарымен және башқұрттармен қарым-қатынас күрт шиеленісіп кетті.
Мұндай жағдайда Қазақ хандығы алдында басты мәселе сыртқы жаудан қорғану және елдің тұтастығын сақтап қалу болды. Бұл жерде Әбілқайырдың жеке басына тоқталу керек. Оқушылар ханның жеке басы жөнінде өз білетіндерін айтқаннан кейін, оқулықтағы қосымша деректерді пайдалана отырып, төмендегі кестені толтыру керек: «Әбілқайыр ханның жеке басының жағымды қасиеттері мен кемшіліктері» (ерекшеліктерін айқындау, салыстырмалы түрде талдау жасау).
Әбілқайырды Ресейден көмек сұрауға мәжбүр еткен жағдайлар:
1.
2.
3.
4.
«XVIII ғасырдың 20-жылдарының аяқ кезіндегі Ресейдің Қазақстанға байланысты ұстанымы». Бұл тақырыпшаны оқыту үшін мынадай өзіндік жұмыстар жүргізуге болады:
А) XVIII ғ. 30- жылдарына дейінгі қазақтардың патша үкіметімен қарым-қатынасы.
Ә) Әбілқайырдың Ресей императрицасы Анна Иоановнаға жіберген елшілігі. 1730 ж.
Б) сыртқы істер коллегиясының тілмашы А.Тевкелев бастаған орыс елшілігінің Қазақстанға келуі.
В) Ресейдің отаршылдық саясаты. Қазақстанды алуға жасалған қадамдар:
1734 ж-
1735 ж-
1735-37 ж-
1740 ж-
1738 ж-
Оқушылардың өзіндік жұмыстарының нәтижелерімен танысқаннан кейін Ресейдің Қазақ хандығына қатысты саясатын қорытындылаймыз. Бұл жерде белгілі тарихшы М.П.Вяткиннің мына сөзі оқылады:
«... Ішкі феодалдық күрес үдеп тұрған кезде жүргізілген бұл саясат мемлекетті ыдыратуға, қазақ жүздерін, ең алдымен Кіші жүзді әлсіретуге бағытталған анархиялық саясат болды. Тек қазақ қоғамының бытыраңқылығы ғана патша үкіметіне қазақ жүздеріне қарсы кең көлемде шабуыл жасауға мүмкіндік беретін еді».
Бұған қоса оқушылардың назарын мына мәселеге аудару қажет: орыстардың қазақ жеріне тереңірек енуіне төмендегі жағдайлар қолайлы әсер етті.
XVIII ғасырдың 30-40 жылдарындағы Кіші және Орта жүздегі қалыптасқан жағдайды толық түсіну үшін оқулықтағы тақырып бойынша картамен практикалық жұмыс жүргізу.
Сабақтың практикалық бөлігі:
· XVIII ғ. 30-40 жылдарында Ресей неліктен Қазақстанның солтүстік-шығысында әскери бекіністерін құра бастады?
· Олар қашан және қайда салынды? Картадан көрсетіңдер.
· Қазақтардың Ресеймен және орта Азия мемлекеттерімен сауда жасаған негізгі қалаларын атаңдар.
· Орыс-қазақ сауда байланысы жөнінде не айтасыңдар?
Үйге тапсырма:
1. Тақырыпты оқыңдар және параграф соңындағы сұрақтарға жауап беріңдер.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 836.5 Kb |
Количество скачиваний: | 8 |